2018 жыл Қазақстанның АӨК өндіріске нақты инвестиция салудан басталды. Тікелей инвестициялардың Қазақстан-Венгрия қоры Ақмола облысындағы сүт-тауарлы ферманы 10,4 млн. АҚШ долларына қаржыландырды.
Қор «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингімен HungarianExport-ImportBank (Венгрияның Эксимбанкі) бірлесіп құрылғанын еске саламыз. Оның мақсатты міндеті Қазақстан аумағындағы ауылшаруашылық жобаларын қаржыландыру.
Инвестицияланған 10,4 млн. доллар жұмыс істеп тұрған қуаттылығы 1500 сиырға арналған ферманы толық жаңартуға және 1500 сиырға арналған жаңа сүт-тауарлы өндірісті салуға бағытталатын болады. Осылайша, өнімділігі жоғары ірі қара малды 580 бастан 3000 басқа дейін ұлғайту жоспарланады.
Жобаны инвестициялауға қазақстан және венгрия тарапынан қаражат тартылған, соның ішінде Венгрияның экспорттық-импорттық банкі 4,66 млн. АҚШ доллары көлеміндегі соманы инвестициялауға бағыттады, осындай соманы «ҚазАгро» холдингі қаржыландырды. Қосымша жобаны инвестициялауға Қордың басқарушы компаниясы ADM Capital 94, 2 мың АҚШ долларын бағыттады және қазақстандық инвестор жемшөп түріндегі 1 млн. АҚШ долларын салды.
Бұдан басқа, жобаны іске асыру кезінде қазақстандық инвестордың активтері және венгриялық жабдықтаушылардың биологиялық активтері пайдаланылатын болады.
«ҚазАгро» ұлттық холдингімен бұрын хабарланғандай, Тікелей инвестициялардың Қазақстан-Венгрия қоры Қазақстанда сүт-тауарлы ферманы жаңартуды қаржыландыруды жоспарлады. Тиісті меморандумға Астанада өткен жылдың желтоқсанында қол қойылды.
2017 жылы Қазақстан-Венгрия қорының Ақтөбе облысында FoodVentures (Голландия) және "Green Capital Kazakhstan" ЖШС (Қазақстан) бірлесіп алаңы 20 га қазіргі заманғы жылыжай кешенінің құрылысына 12 млн.АҚШ долларын инвестициялағанын айта кету қажет. Инвестиция сомасы қазақстан тарапынан 6 млн.АҚШ долларын және шетелдік инвесторлар тарапынан 6 млн.АҚШ долларын құрады.