Бүгінгі күні Қазақстанның ауыл шаруашылығында жүзеге асырылып жатқан бағдарламалардан өзі үшін барынша пайда алуда шаруашылықтарға көмек көрсету. Осындай мақсатпен «ҚазАгро» Ұлттық холдингі 2014 жылдың 6-7 тамыз күндері Семинар өткізді, семинар жұмысында Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды және Қостанай облыстары әкімшіліктері өкілдері мен агроқұрылымдары қатысты.
Іс-шара Ақмола облысы Зеренді ауданында өтті, бұл ауданда бүгінгі күні «ҚазАгро» өсімдік және мал шаруашылығы бағытында бірқатар пилоттық жобаларды сәтті іске асыруда.
АӨК қолдау шаралары бойынша өткен семинар барысында бүгінгі күні аймақтағы өзекті мәселелер ортаға салынып, оларды шешуге «ҚазАгро» қаржылық институттары көмегін тигізетін жолдары айтылды. Шақырылған мамандар мен тәжірибешілер республиканың ауыл шаруашылығындағы жобаларды қолдау мақсатымен құрылған қолданыстағы бағдарламалар туралы ғана егжей-тегжейлі айтып қоймай, сонымен қатар оларды өз қажеттіліктері үшін қалай тиімді пайдалану керектігін түсіндіріп өтті. Мысалы, қаржыландыру шарттары талқыланып және шошқа шаруашылығы, балық шаруашылығы және бақша өсіру бағыттарын қоса алғанда ауылда инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мүмкіндіктері, сондай ақ «Агробизнес-2020» бағдарламасы шеңберінде несие мен лизинг бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау сұрақтары, одан бөлек осы бағдарлама аясында инвестициялық субсидиямен қалай қолдану керектігі толық талқыланды.
Мал шаруашылығы бағытында семинар қатысушылары қазақ ақ басты тұқымының селекциялық-асыл тұқымдық жұмысын жақсарту бойынша қабылданып жатқан шаралармен бөлісіп және бордақылаудың интенсивті технологияларын қолдану туралы білді. Агробизнесті жүргізуде жаңа тәсілдерді «ҚазАгро» арқылы қолданып жүрген шаруашылықтар басшылары аймақтағы әріптестеріне «KazMeat» ЖШС арқылы асыл тұқымды бұқа-өндірушілерді иелену үшін қаржыландыруды тиімді қалай пайдалану керектігі туралы айтып, сонымен қатар Машина-технологиялық станциялар арқылы күтімсіз қалған ауыл шаруашылық жерлерін игеру тәжірибесімен бөлісті. Еске салайық, ауыл шаруашылық жерлерін инвентаризациялау нәтижесінде бүгінгі күні Қазақстанда 5 млн.га астам жер игерілмеген. Соның ішінде Ақмола облысы бойынша – 937,1 мың га., СҚО – 205,2 мың га., Қостанай облысы – 331,7 мың га., Қарағанды облысы – 1,16 млн. га. Тәжірибешілер қазіргі уақытта бар мәселелермен, Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарына құрама жем өндірісін ұйымдастыру тәжірибесімен бөлісті.
АӨК субъектілерін қаржылық сауықтыру сұрақтары талқылаудың жеке тақырыбы болды. Холдингтің қаржыгерлері төрт облыстың аудандары тұрғыда несиелендіру бағдарламалары бойынша проблемалық қарыздар және оны шешу жолдары туралы айтып өтті. 2013 жылы «ҚазАгро» Ұлттық холдингінің агросаланы қаржыландыру көлемі: Ақмола облысында – 50,6 млрд.теңге, СҚО бойынша – 30 млрд.теңге, Қостанай облысында – 31,4 млрд.теңге, Қарағанды облысында – 8,23 млрд.теңгені құрады. 2014 жылдың басынан АӨК субъектілерін қолдау шеңберінде «ҚазАгро» холдингі компаниялар тобымен Ақмола облысына – 17,2 млрд.теңге, СҚО – 9,5 млрд.теңге, Қостанай облысына – 12,9 млрд.теңге, Қарағанды облысына – 6,2 млрд.теңге бағытталды.
Семинардың екінші күні қатысушылар Чаглинка ауылында Неміс аграрлық орталығының заманауи ауыл шаруышылық әдістер мен технологияларды тұрақты дамыту Ассоциациясымен бірлесіп ұйымдастырған өсімдік және мал шаруашылығында жаңа еуропалық технологиялардың Республикалық көрмесіне барды. Сонымен қатар «Дала күні» шеңберінде «Milk Project» ЖШС сүт зауыты өндірістік нысанына, «Агро-Трейд Көкше» ЖШС көкөніс сақтау қоймасына және күтімсіз қалған жерде бүгінгі күні «МТС «Көкшетау» ЖШС техникасы жұмыс істеп жатқан жерлерге барды.
Зерендіде өткен семинарға 200 қатысушы жиналды. Осы орайда «ҚазАгро» Ұлттық холдингі агрошаруашылықтар басшыларынан бөлек облыстардың ауыл шаруашылық Басқармаларының басшыларын, ауыл шаруашылығы сұрақтарын қарайтын аудан әкімдері орынбасарларын, олардың өз аймақтарындағы ауыл шаруашылығы тауар өндірушілердің назарына семинар барысында алған ақпаратты жеткізу мақсатымен шақырды.
Бекмағамбетов Ақылбек – Ақмола облысы Зеренді ауданы Сәкен Сейфуллин ауылдық округі әкімі: «Осы семинарды өткізгені өте жақсы болды. Бізде көбісі шаруашылық жүргізуде көмектесетін осындай бағдарламалардың бар екендігін білмейтін. Шыны керек біз де онын барлығын біле бермейміз. Мен осында бірнеше адамдар алып келдім, олар семинарда алған ақпаратына риза. Ауылымызға барған соң ауылдағы шаруа қожалықтарын шақырып, осында алған білімімізбен міндетті түрде бөлісеміз».
Анықтама:
«ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ құрамына кіретін акционерлік қоғамдардың инвестициялық активтерін тиімді басқару жолымен агроөнеркәсіптік кешенді дамытуды ынталандыру жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асырады.
Холдинг құрамына «Азық түлік келісім шарт корпорацициясы» АҚ, «ҚазАгроҚаржы» АҚ, «Аграрлық кредит корпорациясы» АҚ, «ҚазагроӨнім» АҚ, «ҚазАгрогарант» АҚ, «ҚазАгромаркетинг» АҚ кіреді.


«ҚазАгро» ҰБХ» АҚ баспасөз қызметі

Партнеры палаты

«Экспортс Интернэшнл Инк» - импорт живого скота, семени и эмбрионов.