«Қазагромаркетинг» АҚ-ның ел аймақтары бойынша азық-түлік бағаларына жүргізген мониторингі 2014 жылдың 2 - 9 қыркүйек аралығында бөлшек сауда бағаларының төмендегідей өзгерісін анықтады:
Қарастырылып отырған кезең аралығында еліміздің ешбір өңірінде ет пен сүт өнімдерінің бағасы айтарлықтай (10% -дан) артық өзгерген жоқ. Тек Астанада сатылымда бағасы арзанырақ «Астанаөнім» ірімшігінің пайда болуы себебінен ірімшіктің орташа бөлшек сауда бағасы 15%-ға 1427-ден 1218 теңге/кг-ға дейін төмендеді.
Өскеменде сатушылардың көтерме сауда бағаларын 14%-ға қымбаттатуы салдарынан құс етінің бөлшек сауда бағалары 488-ден 556 теңге/кг-ға дейін немесе 14%-ға артты.
Бағаларды тіркеген күні сатылымда қаптан өлшеніп сатылатын арзан өнімнің үлесі басым болғандықтан, Өскеменде арпа жармасы 10%-ға 79-дан 71 теңге/кг-ға дейін арзандады.
Өскеменде тауық жұмыртқасының он данасы 11%-ға 177-ден 157 теңгеге дейін арзандады. Себебі: сатушылар өнімнің көтерме сауда бағасын 13%-ға 170-тен 148 теңге/кг-ға дейін төмендетті.
Жергілікті тауарөндірушілердің өнімдерінің жаппай пісіп жетілуі себебінен Қарағандыда алмұрт бағасының төмендеуі байқалады. Өнімнің орташа бағасы 308 теңге/кг-ға дейін немесе 18%-ға төмендеді. Сонымен қатар нарыққа әкелінетін өнімнің үлесі азаюы себебінен Шымкентте алмұрттың бағасы 12%-ға 250-ден 280 теңге/кг-ға дейін қымбаттады.
Нарықтың жергілікті тауарөндірушілердің арзан өніммен қанығуы себебінен еліміздің аймақтарында жүзім бағасы: Ақтауда 20%-ға 400 теңге/кг-ға дейін, Өскеменде 18%-ға 499 теңге/кг-ға дейін, Қарағандыда және Оралда 17%-ға сәйкесінше 497 және 383 теңге/кг-ға дейін, Петропавл және Таразда 10%-ға сәйкесінше 450 және 403 теңге/кг-ға дейін арзандады.
Нарықтың ашық топырақ жағдайында өсірілген өніммен қанығуы себебінен қызанақ бағасы Өскеменде 12%-ға 192 теңге/кг-ға дейін, Ақтауда 11%-ға 160 теңге/кг-ға дейін, Ақтөбеде 10%-ға 94 теңге/кг-ға дейін арзандады.
Маусымның аяқталуына байланысты нарықта ашық топырақ жағдайында өсірілген қиярлардың үлесі азайды.
Бір апта ішінде қияр Өскеменде 99%-ға (163-тен 324 теңге/кг-ға дейін), Алматыда 50%-ға (138-ден 207 теңге/кг-ға дейін), Талдықорғанда (39%-ға 51-ден 71 теңге/кг-ға дейін), Петропавлда (36%-ға 125-тен 170 теңге/кг-ға дейін), Атырауда (34%-ға 86-дан 115 теңге/кг-ға дейін), Қарағандыда (26%-ға 146-дан 184 теңге/кг-ға дейін), Қостанайда (24%-ға 170-тен 210 теңге/кг-ға дейін), Павлодарда (19%-ға 160-тан 190 теңге/кг-ға дейін), Оралда (17%-ға, 101-ден 118 теңге/кг-ға дейін), Қызылордада (12%-ға 85-тен 95 теңге/кг-ға дейін) қымбаттады.
Пияз бен картоп бағасы Өскеменде 28%-ға 86 теңге/кг-ға дейін және 22%-ға 80 теңге/кг-ға дейін арзандады.
Астанада қырыққабат бағасы 45-тен 54 теңге/кг-ға дейін немесе 20%-ға қымбаттады, Шымкентте керісінше 50-ден 45 теңге/кг-ға дейін немесе 10%-ға арзандады.
Сәбіз Өскеменде 32%-ға (135-тен 92 теңге/кг-ға дейін), Астанада 10%-ға (91-ден 82 теңге/кг-ға дейін), Шымкентте 10%-ға ( 100-ден 90 теңге/кг-ға дейін) арзандады. Себебі – нарықта өнім үлесі ұлғайды, сатушылар көтерме сауда бағаларын төмендетті. Сонымен бірге, сатылымда өнім үлесінің азаюына және сатушылардың көтерме сауда бағаларын 13%-ға қымбаттатуына байланысты Таразда сәбіздің орташа бөлшек сауда бағалары 90-нан 100 теңге/кг-ға немесе 10%-ға қымбаттады.
Нарықтың жергілікті тауарөндірушілердің өнімімен қанығуы себебінен қызылша бағасы Өскеменде 27%-ға 139-дан 101 теңге/кг-ға дейін және Павлодарда 25%-ға 80- нен 60 теңге/кг-ға дейін арзандады.
Өнімді жаппай жинау науқанының аяқталуы мен сатылымдағы өнім көлемінің азаюына байланысты шабдалы бағасы Өскеменде 36%-ға 503 теңге/кг-ға дейін және Таразда 12%-ға 240 теңге/кг-ға дейін қымбаттады.
Еліміздің оңтүстік облыстарынан әкелінетін отандық тәтті бұрыштың жаппай пісуі және нарықтың өніммен қанығуы тәтті бұрыштың Таразда 33%-ға, 105-тен 70 теңге/кг-ға дейін, Астанада 17%-ға 200-ден 166 теңге/кг-ға дейін, Қостанайда 10%-ға 210-нан 190 теңге/кг –ға дейін төмендеуіне әкелді.
Цитрус және бананның сатушылары көтерме сауда бағаларын қымбаттатуы салдарынан Өскеменде апельсиннің бөлшек сауда бағасы 15%-ға 338-ден 389 теңге/кг-ға дейін, Қарағандыда мандариннің бағасы 11%-ға 387-ден 431 теңге/кг-ға дейін ұлғайды. Өскеменде лимонның бағасы 57%-ға 624-тен 978 теңге/кг-ға дейін және Алматыда 22%-ға 558-ден 679 теңге/кг-ға дейін қымбаттады. Банан Өскеменде 17%-ға 258-ден 301 теңге/кг-ға дейін және Астанада 12%-ға 267-ден 300 теңге/кг-ға дейін қымбаттады.
Павлодар мен Өскеменде нарықтың қарбызбен қанығуы өнімнің 20%-ға 40 теңге/кг-ға дейін және сәйкесінше 10%-ға 36 теңге/кг-ға дейін төмендеуіне әкелді.
Астанада тұтынушылардың сұранысы төмендеуіне және сатушылардың көтерме сауда бағаларын 31%-ға 80-нен 55 теңге/кг-ға дейін төмендетуі себебінен қауын бағасы 145 теңге/кг-ға дейін немесе 20%-ға арзандады.
Шымкентте керісінше жергілікті тауарөндірушілердің өнімді жинау науқанының аяқталуына байланысты өнім бағасы 17%-ға 70 теңге/кг-ға дейін қымбаттады.
Бір апта ішінде сатылымда өнім үлесінің азаюына байланысты баялды бағасы Павлодарда 15%-ға 130-дан 150 теңге/кг-ға дейін қымбаттады, Ақтауда керісінше нарықтың өніммен қанығуы мен бәсекелестіктің ұлғаюы себебінен баялды бағасы 14%-ға 350-ден 300 теңге/кг-ға дейін арзандады.