«Қазагромаркетинг» АҚ-ның байланыс орталығына отандық шаруалардан биылғы жылдың қаңтар-тамыз айлары аралығында келіп түскен қоңыраулар саны былтырғы жылдың дәл осы кезеңімен салыстырғанда 5 есе артты. Ағымдағы жылы шаруаларға арналған желі 1786 қоңырау қабылдаса, 2013 жылдың қаңтар-тамыз айларында бұл көрсеткіш 349-ға тең болатын.

Қоңырау шалу саны былтырдың тамызында айтарлықтай жиілеп, бүгінгі күнге дейін жоғары деңгейде сақталып отыр. Егер өткен жылдың қаңтар-маусым айларында ай сайын орташа алғанда 20-30 қоңырау қабылданса, шілдеде 50 қоңырау шалу, тамызда 119, қыркүйекте 180, қазан айында 247 қоңырау тіркелген.

Байланыс орталығына хабарласу жағдайларының жиілеуі, біріншіден, шаруаларымыздың тегін байланыс желісі туралы ақпарат алуымен, екіншіден, Ауыл шаруашылығы министрлігі мен «ҚазАгро» ұлттық холдингісінің жүзеге асырып отырған агробизнесті қолдау шаралары аясының кеңеюімен, яғни отандық шаруалардың аталмыш шаралар туралы ақпаратқа деген қызығушылық танытуымен байланысты.

Хабарласушылардың сауалдары дәстүрлі болып келеді. Аграрлық саладағы несие беру бағдарламалары туралы ақпарат ең жиі қойылатын сауал болып табылады, қоңыраулардың 60% осы тақырыпқа арналады.
Өзектілігі жағынан екінші орындағы сауал – бұл агроөнеркәсіптік кешен (АӨК) субъектілерін мемлекеттік қолдаудың жаңа қаржылық құралдары, нақты айтқанда, қаржылық сауықтыру үшін АӨК субъектілерінің несие мен лизингтік міндеттемелері бойынша сыйақы ставкаларын субсидиялау, ауылшаруашылық техникасы мен құрал-жабдықтары лизингін субсидиялау, инвестициялық салынымдар кезіндегі шығыстардың бір бөлігін өтеу бағдарламалары (қоңыраулардың шамамен 20% осы тақырыптарға тиесілі).

Өсімдік және мал шаруашылығы саласындағы шығындарды субсидиялау тақырыбы тұтынушылардың 10%-ын қызықтыратын болып шықты.
6-7% қоңырау шалушыны жеке ісін бастау үшін берілетін шағын несиелер тақырыбы қызықтырған екен.

Естеріңізге салатын болсақ, байланыс желісіне Қазақстан аумағынан барлық ұялы және стационарлық телефондардан тегін хабарласуға болады. Байланыс орталығы 2008 жылы құрылған. Бұл желі арқылы ауылшаруашылық тауар өндірушілері аграрлық саланы мемлекеттік қолдау шаралары жөніндегі ақпаратты біліп, «ҚазАгро» холдингісінің еншілес кәсіпорындары беретін жеңілдетілген несиелер турасындағы мәліметтермен қаныға алады. Сонымен қатар агроөнеркәсіп кешен үшін қажетті барлық материалдық-техникалық ресурстар мен қызмет түрлерін ұсынатын жекеменшік компаниялар жөніндегі ақпарат жайында хабардар болу мүмкіндігі тағы қарастырылған.
Сall-орталықтың қызметі Астана уақыты бойынша жұмыс күндері сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін қолжетімді (үзіліс 13.00-ден 14.30-ға дейін). Жұмыс уақытынан тысқары мезгілде хабарласқандардың қойған сауалдары таспаға жазылып, кейіннен операторлардың назарына ілінеді.
«Қазагромаркетинг» АҚ-ның байланыс орталығы 8 800 080 70 80 нөмірі бойынша жұмыс істейді.

Партнеры палаты

«Экспортс Интернэшнл Инк» - импорт живого скота, семени и эмбрионов.