Биылдың қаңтар-тамыз айлары аралығында «Қазагромаркетинг» акционерлік қоғамы отандық ауылшаруашылық тауар өндірушілеріне 222 мыңнан астам тегін консультациялық қызмет көрсетті.
Оның ішінде 195 мың консультация «дербес қызмет көрсету» келісімшарттарының негізінде, ал 27 мың консультация тауар өндірушілердің компания өкілдіктеріне ақпарат алу мақсатында тікелей келуі, телефонмен немесе электрондық пошта арқылы хабарласуы нәтижесінде ұйымдастырылған.
«Дербес қызмет көрсету» дегеніміз 001 бюджеттік бағдарламаның аясында келісімшарт жасасқан агроөнеркәсіптік кешеннің 11 мың субъектісіне аграрлық саланы мемлекеттік қолдау және агробизнесті жүргізу мәселелері бойынша ақпараттық-консультациялық кеңес беру болып табылады.
Биылғы жылдың басынан бері «Дербес қызмет көрсету» бағдарламасының тұтынушыларын ең көп қызықтырған мәселе – бұл нарықта ағымдағы жағдайда қалыптасқан бағалар туралы ақпарат (53 мың консультация). Сонымен қатар неғұрлым сұранысқа ие ақпарат ретінде алдағы оқыту семинарлары, презентациялар мен көрме-жәрмеңке іспетті іс-шаралар күнтізбесін (46 мың консультация), одан қалды агроөнеркәсіптік кешенді мемлекеттік қолдау мен агробизнесті дамытудың мәселелері (39 мың консультация) тақырыптарын айтуға болады.
Жоғарыда көрсетілгендей, келісімшарт негізінде ақпараттық қызмет көрсетуден өзге «Қазагромаркетинг» АҚ тұтынушылар компания өкілдіктеріне тікелей келіп, телефонмен немесе электрондық пошта арқылы байланысып кеңес сұрағанда да консультация жүргізеді.
2014 жылдың қаңтар-тамыз айлары аралығында ауылшаруашылық тауар өндірушілерінің тікелей ақпарат сұрай келуі, телефон не электрондық пошта арқылы байланысуы нәтижесінде 27 мың консультациялық қызмет көрсетілген, оның ішінде:
Агрокешенді мемлекет тарапынан қолдау шаралары жөніндегі мағлұмат;
Ауыл шаруашылығына қажетті материалдық-техникалық ресурстарды сатушылар бойынша ақпарат;
Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен механизмдері жайлы түсініктеме;
Өнімдерін өткізу каналдарын кеңейтуге қажетті мәліметтер;
Өзге анықтамалық қызметтер ұсынылған.
Еліміздің аудандары мен облыс орталықтарында орналасқан аймақтық желісі арқылы консультациялық қызметтер көрсетумен қатар «Қазагромаркетинг» АҚ шаруаларға арнайы байланыс орталығы көмегімен де кеңес береді. Байланыс орталығына хабарласу тегін: Қазақстанның кез келген аймағынан стационарлық және ұялы телефоннан ақысыз қоңырау шалуға болады. Аграрлық саланы мемлекеттік қолдау шаралары жөніндегі ақпаратты біліп, «ҚазАгро» холдингісінің еншілес кәсіпорындары беретін жеңілдетілген несиелер турасындағы мәліметтермен қанығу мүмкіндігі қарастырылған.
Байланыс орталығының қызметі Астана уақыты бойынша жұмыс күндері сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін қолжетімді (үзіліс 13.00-ден 14.30-ға дейін). Жұмыс уақытынан тысқары мезгілде хабарласқандардың қойған сауалдары таспаға жазылып, кейіннен операторлардың назарына ілінеді.
«Қазагромаркетинг» АҚ-ның байланыс орталығы 8 800 080 70 80 нөмірі бойынша қызмет көрсетеді.

Партнеры палаты

«Экспортс Интернэшнл Инк» - импорт живого скота, семени и эмбрионов.