«ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдингі республиканың ауыл шаруашылығы тауар өгндірушілерінен 2015 жылғы көктемгі-егіс және астық жинау жұмыстарын қаржыландыруға өтінімдерді қабылдау басталағаны туралы хабарлайды.
Бюджеттік несие қаражаты есебінен өтінімдерді қабылдау және агротехникалық шараларды қаржыландыру Ұлттық холдингтің еншілес компанияларының аймақтық құрылымдары жүзеге асырады – Азық-түлік келісім шарт корпорациясы және Аграрлық несие корпорациясы және бағдарлама серіктестері – екінші деңгейлі банктер. Агроөндірістік кешен субъектілерін қолдау бойынша шараларды жүргізуге «ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдингіне 60 млрд.теңге көлемінде бюджеттік несие берілді.
«Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ҰК» АҚ /Азық-түлік корпорациясы/ ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерді қолдау мақсатында көктемгі егіс жұмыстарын қаржыландыру жолымен астықты форвардтық сатып алуға өтінімдерді қабылдауды жүзеге асыра бастады.
Аталған бағдарламаның қатысушылар тізімін облыс әкімшіліктері жанындағы облыстық Үйлестіру кеңестері құрады.
«Аграрлық несие копрорациясы» АҚ /АНК/ егін егу және астық жинау бойынша жанар-жағармай материалдарын, ауыл шаруашылығы техникасының запастық бөлшектері мен жөндеу жұмыстарын, минералдық тыңайтқыш, өсімідіктерді сақтау құралдары мен басқа ресурстарды қаржыландыру бойынша өтінімдерді қабылдайды.
Мүдделі потенциалды қарызгерлер толық ақпаратты «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-ның www.agrocredit.kz корпоративтік сайтынан, сонымен қатар Копрорацияның Орталық аппараты мен барлық аймақтық филиалдарының кеңселерінен қағаз және электрондық түрде алуға мүмкіндіктері бар.
АНК мен Азық-түлік корпорациясының бюджеттік қаражатынан басқа ағымдағы жылдың көктемгі егіс жұмыстарын «Егінжай» бағдарламасы шеңберінде Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры өз қаражаты есебінен жүзеге асырады. Бұл шараларға компания 1 960 млн.теңге бөлуді жоспарлауда.
«Егінжай» бағдарламасы бойынша несие алу үшін «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-ның облыстық филиалдарына қаржыландыру өтінімімен баруға болады, филиалдар облыстық орталықтарда, сонымен қатар Астана, Алматы, Семей қалаларында орналасқан.